Көкшелік «Оқжетпес» екі түлегін негізгі командаға қосты
Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы өз жүйесінен екі ойыншыны негізгі құрамға ауыстырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашы Ерлан Шаймұрат пен жартылай қорғаушы Никита Михайлов негізгі командаға қосылды.
Көкшетау қаласының тумасы 19 жастағы Шаймұрат бұрын «Оқжетпес-Жас» командасында ойнаған.
20 жастағы орталық жартылай қорғаушы Михайлов та ересектер командасына ауыстырылды. Ол да Көкшетауда туып, «Оқжетпес-Жас» командасында ойнаған және Қазақстан U17 құрамасына шақырылған.
Қазақстан Кубогының жеребесі 27 ақпанда өтеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или