Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы: Болашағынан үміт күттіретін, еңбекқор жастар қатарымызға қосылды

Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы: Болашағынан үміт күттіретін, еңбекқор жастар қатарымызға қосылды

Қазақстанның дзюдо бойынша ұлттық құрамасы Париждегі Grand Slam турнирінен кейін жаңа маусымға дайындықты жалғастырып жатыр. Команданың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе спортшылардың қазіргі дайындығын бағалап, алдағы басым жарыстар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 6-8 наурыз аралығында қазақстандық дзюдошыларды екі халықаралық жарыс күтіп тұр – Өзбекстандағы «Үлкен дулыға» және Аустриядағы Гран-при турнирі.

«Барлық балуандар жақсы спорттық формада. Жаттығу процесіне айтарлықтай өзгеріс енгізілген жоқ. Тек Әбиба Әбужақынованы суық тиюіне байланысты белгілі бір кезеңде жаттығудан босаттық. Қалғаны жоспар бойынша өтті. Енді дзюдошыларымыздың нәтижелі өнер көрсетуін күтеміз», – деді Роберт Мшвидобадзе.

Оның айтуынша, ұлттық құрамада түбегейлі өзгерістер жоқ. Дегенмен бірқатар жас спортшылар негізгі құрамға қосылған.

«Бұл – қуанышты жағдай. Болашағынан үміт күттіретін, еңбекқор жастар. Жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Жақын арада олар да нәтижесін көрсете бастайды деп ойлаймын», – деді жаттықтырушы.

Ол Grand Slam мен Гран-при турнирлеріне толық дайын спортшылар ғана іріктелгенін атап өтті. Жаттықтырушылар штабы әр балуанның жағдайын жіті бақылап, спорттық бабына қарай жарысқа қатысу туралы шешім қабылдайды.

«Қазір көптеген балуан бабына еніп келеді. Мұны Париждегі турнир нәтижелері де көрсетті. Өткен жылы басты назар физикалық дайындыққа аударылып, спортшылар негізінен әлем және Азия чемпионаттарына, сондай-ақ төрт халықаралық турнирге қатысты. Қазір бәрі қалыпты. Биыл бірнеше жарыста медаль жеңіп аламыз деп сенемін», – деді ол.

Маусымдағы басым бағыттарға тоқталған Роберт Мшвидобадзе негізгі назар әлем чемпионаты мен Азия ойындарына аударылатынын айтты.

«Оған дейін Азия чемпионаты бар. Маусым барысында жоспарға түзетулер енгізілуі мүмкін. Дегенмен басты мақсат – Азия ойындарында сәтті өнер көрсету», – деп түйіндеді жаттықтырушы.


Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Екі қазақстандық Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

Әбиба Әбужақынова шетелдік бапкерлер туралы пікір білдірді

Қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или