Қазақстандық теннисші Түркиядағы жарыстың 1/2 финалына жете алмады
Қазақстандық теннисші Іңкәр Дүйсебай мен румыниялық Мария-Сара Попа Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынының екінші айналымында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда қазақстандық-румындық дуэт Дарья Лодикова (Ресей) мен Ани Амирагян (Армения) кездесті.
Матч 6:4, 6:2 есебімен ресейлік-армениялық дуэттің пайдасына аяқталды.
Жартылай финалда Лодикова мен Амирагян Джоэль Лилли-Софи Штур (Германия) және Нина Варгова (Словакия) жұбымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или