Қазақстандық екі бұрымды балуан рейтингтік турнирде чемпион атанды
Албания астанасы Тиранадағы рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (-50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (-55 кг) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасында -50 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді ұтып, турнир жеңімпазы атанды.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түскен болатын. Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізіп, 3:2 есебімен қарсыласынан айласын асырды.
Үш қазақстандық палуан рейтингтік турнирде қола жүлде еншіледі
Екі қазақстандық палуан рейтингтік турнирдің финалына шықты
Қазақстандық балуан Минскіде өткен беделді турнирде топ жарды