Қазақстандық еркін күрес шеберлері Тиранада өтіп жатқан турнирде үш қола медаль еншіледі

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Тиранада өтіп жатқан турнирде үш қола медаль еншіледі

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының балуандары Болат Сақаев (-86 кг), Азамат Дәулетбеков (-92 кг) және Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Болат Сақаев қола медаль иеленді. Ол жарыс барысында сенімді белдесулер өткізіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді. Қола жүлде үшін өткен шешуші кездесуде отандасымыз түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтен басым түсіп, жарысты үздік үштік қатарында аяқтады.

97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен ұтып, турнирдің қола медалін иеленді. Бұған дейін жартылай финалда Ризабек ресейлік спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 3:14 есебімен есе жіберген еді.

Ал -92 келі салмақта Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Камиль Куруглиевті 4:0 есебімен жеңді. Спортшымыз жарыс барысында ирандық Амирхоссейн Фирузпурге жол берген болатын. Кейін Фирузпур финалға шығып, алтын медаль ұтып алды. Соның нәтижесінде Азамат жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Екі қазақстандық палуан рейтингтік турнирдің финалына шықты

Қазақстандық балуан Минскіде өткен беделді турнирде топ жарды

Қазақстандық классиктер Түркиядағы турнирде төрт медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или