Қазақстандық палуандар Тиранада өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

Қазақстандық палуандар Тиранада өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

Бүгін Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста ұлттық құраманың екі палуаны ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында -50 кг салмақтағы ел чемпионы Зейнеп Баянова іріктеуде АҚШ, Жапония және жартылай финалда Үндістан спортшысын жеңді. Ертең отандасымыз финалда тағы бір үндістандық Прианши Праджапатпен күш сынасады.

Ал -55 кг салмақтағы Лаура Алмағанбетова алғашқы белдесуде Үндістан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсіп, ақтық сынға өтті. Оның шешуші айқастағы қарсыласы Лилия Маланчук (Украина) болады.

Халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Қазақстандық балуан Минскіде өткен беделді турнирде топ жарды

Қазақстандық классиктер Түркиядағы турнирде төрт медаль еншіледі

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или