Алан Құрманғалиев WTT Singapore Youth Smash турнирінде бақ сынайды
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Сингапурда өтетін WTT Singapore Youth Smash турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құраманың өкілі U19 жас санатында бақ сынайды. Жеребе қорытындысы бойынша ол №1 топқа түсті. 26 ақпанда ол даниялық Доминикас Самуолиспен кездеседі. Ал 27 ақпанда қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ю Хайянға және Сингапур теннисшісі Сеа Бенайиға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев Ислам ойындарында командалық сында Кирилл Герасименко және Айдос Кенжеғұловпен бірге алтын медаль жеңіп алған.
Кирилл Герасименко 1/8 финалға шыға алмады
Кирилл Герасименко құрлық додасының плей-офф кезеңіне шыға алмады
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или