Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлады

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол мәнерлеп сырғанаушыға Hyundai Palisade автокөлігін табыстады.

Бұған дейін спортшының жеңісіне қатты толқыған әнші видеоүндеу жазып, оны тарихи жетістігімен құттықтап, алғыс білдірген еді.

«Ағаң, менің досым Денис пен халық алдындағы парызыңды орындағаның үшін рақмет! Мұз айдынындағы болашағың жарқын, шабытқа толы болсын. Талантыңмен әлемді бағындыра бер! Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның да қуантты. Саған темір тұлпар сыйлаймын», — деді өнер иесі.

Еске салайық, 14 ақпанға қараған түні Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында Шайдоров екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Ол Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің нәтижесінен (255,10 ұпай) асып түсті.

Қазақ халқы Михаил Шайдоровқа үлкен құрмет көрсетуде

Михаил Шайдоровты дайындаған мамандардың айлығы жарияланды

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада салтанатты түрде қарсы алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или