Спорт министрі: 13 миллиард дайындыққа бөлінген қаражат емес

Спорт министрі: 13 миллиард дайындыққа бөлінген қаражат емес

Михаил Шайдоров Астанаға оралған сәтте әуежайда өткен жиында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қысқы Олимпиадаға бөлінген қаражат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

Министр қоғамда тараған «бір алтын медаль үшін 13 миллиард теңге жұмсалды» деген көзқарастың жаңсақ пікір екенін атап өтті.

Оның айтуынша, аталған 13 миллиард теңге тек Олимпиадаға қатысқан спортшыларды дайындауға бағытталған қаржы емес. Бұл қаражат еліміздің барлық жиырма өңіріне бөлініп, қысқы спорт түрлерін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің жүйелі түрде жаттығуына жағдай жасауға арналған.

«Негізі бұл мәселе туралы Олимпиададан кейін айтуды жоспарлаған едім. Аталған 13 миллиард теңге тек спортшыларды Олимпиадаға дайындауға бөлінген қаражат емес. Бұл – еліміздің барлық жиырма өңіріне бөлінген, қысқы спорт түрлерін дамытуға және балалар мен жасөспірімдердің жоғары деңгейге дейін жүйелі түрде шұғылдануына бағытталған қаржы», – деді министр.

Сондай-ақ ол «бір медаль осынша қаражатқа тұра ма?» деген сауалдың толық ақпараттың болмауынан туындағанын жеткізді. Министрдің сөзінше, бұл – ең алдымен балалар спортына, олардың денсаулығына және болашақ ұрпаққа салынған инвестиция.

«Осы жүйелі жұмыстың нәтижесінде 1–2 пайыз дарынды спортшы іріктеліп шығып, Михаил секілді Олимпиада шыңына жетеді. Сондықтан қаражаттың көп немесе аз екенін бағалау үшін жан-жақты талдау қажет. Спорты дамыған елдермен салыстырып қараған жөн», – деді Ербол Мырзабосынов.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда спорт саласына бөлінетін қаржы ашық көрсетіледі. Спортшылар мен жаттықтырушылардың жалақысы жария түрде белгілі, ал цифрландыру үдерісі аясында барлық мәліметті ашық дереккөздерден көруге мүмкіндік бар.

Михаил Шайдоровтың жалақысы белгілі болды

Қазақ халқы Михаил Шайдоровқа үлкен құрмет көрсетуде

Михаил Шайдоровты дайындаған мамандардың айлығы жарияланды

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада салтанатты түрде қарсы алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или