«Тұран» футбол клубы саудаға шығарылды
Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы «Тұран» футбол клубын электронды саудаға шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сауда туралы ақпарат e-Qazyna веб-порталында жарияланған. Лот сипаттамасына сәйкес, «Тұран» кәсіби футбол клубы» мемлекеттік мекемесінде 14 қызметкер жұмыс істейді. Баланстық құны — 535 мың теңге.
Саудаға қатысу үшін 158 мың теңге көлемінде кепілдік жарна енгізу қажет. Электронды сауда-саттық биылғы 3 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:55–те басталады.
Нысанның бастапқы бағасы — 1 054 000 теңге. Қойылып отырған шартқа сәйкес, сатып алушы 10 жыл ішінде:
- — клубтың қызмет бағытын сақтауға;
- — штат санын қысқартпауға;
- — инвестиция салуға;
- — жасөспірімдер футбол академиясын құрып, футболды дамытуға;
- — әйелдер футбол командасын дайындауға;
- — материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге, соның ішінде соңғы жергілікті ірі стадиондармен келісімшарттарды бекітуге;
- — 2027 жылдан бастап тұрақты түрде Қазақстан Премьер-лигасына қатысуға;
- — спорт саласында кемінде 5 жылдық тәжірибесінің болуы;
- — клубты сенімгерлік басқаруға бермеуге және иеліктен шығармауға міндеттенеді.
Бұған дейін, «Тұран» футбол клубы жекешелендіру бойынша бірқатар инвестормен келіссөз жүргізгені белгілі болған еді.
Қазақстан Кубогының жеребесі 27 ақпанда өтеді