Бадминтон: Қазақстан Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирінде төрт медаль еншіледі

Бадминтон: Қазақстан Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирінде төрт медаль еншіледі

Угандада бадминтоннан жасөспірімдер арасында Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт медаль жеңіп алды.

Қыздар арасындағы жұптық сында Диана Наменова мен Алиса Кулешова ел қоржынына алтын медальді салды.

Диана Наменова жекелей сында да күміс жүлдегер атанды. Ал Арнұр Тәпішев пен Мұстафа Мәлікжанов ерлер арасындағы жұптық бәсекеде екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша құрамамыз бір қола медаль еншіледі. Аралас жұптық сында Алиса Кулешова мен Тимур Бурханов үшінші орынға ие болды.

Қазақстан үшін маңызды спорттық жарыстар аталды

Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында ел намысын қорғайды

София Актаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или