Даңқты шаңғышы жас чемпионға сәттілік тіледі

Даңқты шаңғышы жас чемпионға сәттілік тіледі

Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы, шаңғышы Владимир Смирнов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Милан мен Кортинада өткен Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан алтын алған Михаил Шайдоровтың жеңісі туралы пікір айтты.

Смирнов жарысты соңына дейін тамашалап, қатты алаңдағанын жеткізді. Оның айтуынша, бастапқыда қола жүлде кепілденгені белгілі болған, кейін күміс медаль айқындалған. Ал негізгі қарсыласының сәтсіз өнер көрсетуінен кейін Шайдоровтың чемпион болатыны анықталған. Ол бұл жетістікті зор табыс деп бағалап, спортшыға шын жүректен құттықтау жолдады.

Сондай-ақ Смирнов алғашқы Олимпиада медалін жеңіп алу қиын екенін, ал кейінгі жетістіктер одан да күрделі болатынын атап өтті. Себебі чемпион атанған спортшыға үлкен психологиялық жауапкершілік жүктеледі. Дегенмен мұндай қысымды еңсеруге болатынын, өзі де сондай жолдан өткенін айтты.

Еске салайық, Владимир Смирнов Қазақстан құрамасы сапында Лиллехаммер Олимпиадасында 50 шақырымдық жарыста алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ 10 шақырымдық жеке жарыста және қуу жарысында күміс жүлдегер атанды. Нагано ойындарында қола медаль иеленді. Ал Калгари Олимпиадасында КСРО құрамында екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған.

ФОТО: ISU

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или