Швейцариялық теннисші өз ойынына көңіл бөлу керегін атап өтті

Швейцариялық теннисші өз ойынына көңіл бөлу керегін атап өтті

Үш дүркін «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы, әлемнің 99-ракеткасы Стэн Вавринка ATP турында Карлос Алькарас пен Янник Синнердің үстемдігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Швейцариялық спортшының айтуынша, қазіргі таңда Синнер мен Алькарас өзгелерден біршама озық тұр. Дегенмен болашақта басқа теннисшілер үшін де мүмкіндік болады деп есептейді. Вавринка ең бастысы қарсыластарға емес, өз ойыныңа назар аудару керегін айтты. Оның сөзінше, физикалық дайындықты, ойын сапасын жақсартуға күш салу маңызды.

Сондай-ақ ол әр матчта топ-ойыншылармен кездесе бермейтінін еске салды. Сондықтан маусым бойы тұрақты өнер көрсету шешуші рөл атқарады. Вавринка Алькарас пен Синнердің ойын және физикалық тұрғыда алда екенін, ірі турнирлерде жеңіске жетіп жүргенін атап өтті.

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирде жеңіліп қалды

Александр Бублик Дубайдағы турнирде жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или