Агент жергілікті клубтармен келіссөз жүргізіп жатыр

Агент жергілікті клубтармен келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан Премьер-Лигасында тағы екі белгілі шетелдік футболшы өнер көрсетуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Агент Лабинот Бериша қазақстандық клубтармен екі легионердің трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Ол тәжірибелі француз және швед футболшыларының қызметін ұсынып отыр. Олардың есімдері әзірге жарияланған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ойыншылар турнир кестесінің орта тұсындағы командалардың біріне қосылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Бериша Виктор Мозестің «Қайсарға» ауысуына делдал болған еді. 35 жастағы нигериялықтың жалақысы қазақстандық жетекші ойыншылармен салыстырғанда төмен екені айтылған.

Қазіргі трансферлік кезеңде КПЛ-ге төрт дүркін АПЛ чемпионы Луиш Нани «Ақтөбе» сапына, Камерун құрамасының қорғаушысы Ги-Марселен Килама «Ордабасыға», сондай-ақ француздың «Бордо» клубының бұрынғы шабуылшысы Этьен Бегр «Қызылжарға» қосылды.

«Ертіс» жаңа ойыншымен келісімшартқа отырды

«Оқжетпес» жолдастық матчта жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или