Стример Шонның жеңетініне сенімді
4,5 миллионнан астам жазылушысы бар америкалық стример Эдин Росс UFC-дегі чемпиондық айқаста Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд кездессе, бәс тігуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чимаев орта салмақтағы чемпиондық белбеуін Стриклендке қарсы қорғауы мүмкін. Бұл ықтимал айқас Шонның Энтони Эрнандесті айқын жеңгенінен кейін талқылана бастады.
Росс тікелей эфир барысында Стрикленд Чимаевті жеңеді деп есептейтінін айтты. Оның сөзінше, егер бұл жекпе-жек өтсе, ол Шонның жеңісіне бір миллион доллар тігеді.
Хамзат Чимаев ММА-да 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Шон Стрикленд 37 айқаста 30 рет жеңіске қол жеткізген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или