Кормьенің айтуынша, Илия Топурия мен Алекс Перейра үш белбеу үшін таласа алады. Сондай-ақ ол Хамзат Чимаевтің де үш дивизионда жоғары деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Кормье Чимаевтің жартылай орта салмақта белбеу үшін айқаспаса да, орта салмақта чемпион екенін еске салды және жартылай ауыр салмақта да елеулі күшке айналуы ықтимал екенін жеткізді.
Оның пікірінше, қазіргі таңда Чимаевтің алдында үлкен мүмкіндіктер тұр, алайда файтер мұны қалыпты нәрсе ретінде қабылдамайды.
Хамзат Чимаев ММА-да 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол UFC рейтингінде салмақ дәрежесіне қарамастан үздік үштікке кіреді.
Қазақстандық файтер ресейлік қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Видео