Португалиялық футболшы испан клубына инвестиция салды

Португалиялық футболшы испан клубына инвестиция салды

Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Испанияның «Альмерия» клубының 25 пайыз акциясын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда «Альмерия» Испанияның екінші дивизионында өнер көрсетіп, Ла Лигаға шығуға таласып жатыр. Роналду футболға тек алаңда ғана емес, оның сыртында да үлес қосқысы келетінін айтты. Оның сөзін AS басылымы келтіреді. 41 жастағы португалиялық клуб басшылығымен бірге команданың әрі қарай дамуына қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізген.

Мәліметке сәйкес, бұл инвестиция CR7 SA компаниясының спорт саласындағы жобаларды басқару үшін құрылған еншілес құрылымы — CR7 Sports Investments арқылы жүзеге асады. Аталған компания кәсіби спорттағы стратегиялық мүмкіндіктерді бағалау және іске асырумен айналысады.

Өз кезегінде «Альмерия» президенті Мохамед Аль-Херейджи Роналдудың клубты таңдағанына қуанышты екенін айтты. Оның пікірінше, португалиялық футболшы испан чемпионатын жақсы біледі және клубтың командасы мен академиясының әлеуетін түсінеді.

«Барселона» Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро ұсынды

«Реал» Мбаппесіз алаңға шығады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или