Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Болат Сақаев Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.

Мемлекет басшысы танымал сумошыны марапаттады

Қазақстандық төреші Азия ойындарына ресми шақырту алды

Қазақстандық шахматшы әлемде ең көп табыс табатын әйелдер қатарына кірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или