«Барселона» Ламин Ямальға қомақты қаржы ұсынды
«Барселонаның» бұрынғы директоры және каталондық клубтың президенттігіне үміткер Жоан Лапортаның қазіргі кеңесшісі Жоан Солер «блаугрананың» жас көшбасшысы Ламин Ямальдың трансфері үшін қомақты қаражат ұсынылғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«Бізде Ламинге 250 миллион еуро ұсыныс болды, және бұл агенттер арасында талқыланды. Бұл Ямаль келісімшартын жаңартпақ болған кезде болды. Бізге оны жасырудың қажеті жоқ», - деп жазады Солердің сөзін Cadenaser.com.
Айта кетейік, 18 жастағы Ямаль Ла Лиганың биылғы маусымында 21 ойында он гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. 2025 жылы Ламин Ямаль «Алтын доп» таңдауында «ПСЖ» мен Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеледен кейін екінші орында болды.
«Буде-Глимт» топ-5 лигалар өкілдерін қатарынан төрт рет жеңді