Тимофей Скатов Швейцариядағы турнирде жеңіліп қалды

Тимофей Скатов Швейцариядағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Швейцарияның Лугано қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Скатов хорватиялық теннисші Матей Додигпен кездесіп, 6:3, 4:6, 6:4 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Луганодағы турнирдің жүлде қоры 97 640 еуро. Жеңімпаз 15 510 еуро жүлде қоры мен 75 рейтингтік ұпай алады.

Дубай турнирі: Қазақстанның үздігі қарсыласын бір сағатта жеңді

Анна Данилинаның әлемдік рейтингтегі орны жоғары көтерілді

Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы жарыспен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или