Президент Қазақстан үшін маңызды спорттық жарыстарды атады

Президент Қазақстан үшін маңызды спорттық жарыстарды атады

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, екі жылдан кейін атлеттеріміз Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысатынын еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар бірлесе жұмыс атқарып, құрама мүшелерін жан-жақты қолдауға тиіс. 2029 жылы Алматы қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарына ерекше назар аудару қажет. Ойындар ең жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Бұл – Қазақстандағы спорттың дамуына тың серпін беріп, экономика мен туризм салаларына оң ықпал ететін өте маңызды іс-шара», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, 7-22 ақпан күндері аралығында өткен Милан Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын жүлде еншілеп, жалпы есепте 19-орынға тұрақтады.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Астанада салтанатты түрде қарсы алды

Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында ел намысын қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или