«Тобыл» қатары сербиялық шабуылшымен толықты

«Тобыл» қатары сербиялық шабуылшымен толықты

Қостанайлық «Тобыл» клубы 25 жастағы сербиялық шабуылшы Урош Миловановичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұзын бойлы (190 см) шабуылшы Сербияның ОФК «Белград», испаниялық «Леванте» және «Црвена Звезда» академияларында кәсіби дайындықтан өткен.

2022 жылы Милованович Испанияға қоныс аударып, «Спортинг Хихон» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін Португалияда «Визела» клубында жалда ойнады, ал 2025 жылдың жазында «Шавиш» сапына еркін агент ретінде қосылды. Сондай-ақ Урош Сербияның U21 жастар құрамасына шақыртылған.

«Астана» қорғаушысы «Ордабасының» назарына ілікті

Қазақстандық клуб Ресейдің қосалқы құрамынан жеңілді

«Атырау» ресейлік ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или