Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирге қатысады
Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жарысқа 30-дан астам елден 1 269 спортшы қатысады. Сондай-ақ бұл жарыста Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі таеквондошылары сынға түседі.
Турнир үш жас санатын - жасөспірімдер, жастар және ересектерді қамтиды. Бұл дода қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.
Айта кетейік, турнир 27-28 ақпан аралығында өтеді.
Қазақстандық кадеттер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында ел намысын қорғайды
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или