Олимпиада чемпионы медалін сындырып, ұйымдастырушыларға қайтарды

Олимпиада чемпионы медалін сындырып, ұйымдастырушыларға қайтарды

20 жастағы америкалық мәнерлеп сырғанаушы Алиса Лю Олимпиада алтынына қатысты күтпеген жайтқа  тап болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы алтын медалінен айырылды. 

Жеңісін атап өтпек болған ол, қуана секіргенде медаль тағынатын матасынан үзіліп түсіп қалған. 

«Мен қатты қуанып, секіре жөнелдім, сол сәтте медаль жібінен үзілді де кетті. Ол түгелдей сынып, бөлшектеніп қалды» деді Лю Sportbible басылымына берген сұхбатында.

Оқиғаға байланысты спортшы ұйымдастырушылардан медалды қалпына келтіруге көмек сұрады. Олар чемпионнан кешірім сұрап, зақымдалған медальді жаңа қалпына келтіріп беруге уәде етті.

Айта кетелік, Алиса Лю 2026 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (жеке және топтық турнирде топ жарды). Осылайша АҚШ 24 жылда алғаш рет әйелдер мәнерлеп сырғанауындағы басымдығын қайтарып, Олимпиада алтынын жеңіп алды.

Олимпиада чемпионы Шайдоров Әлем чемпионатына қатыспайды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или