«Дәрігер менің аяғымды кесуге жеткізбеді» – 40 жасар Олимпиада чемпионы

«Дәрігер менің аяғымды кесуге жеткізбеді» – 40 жасар Олимпиада чемпионы

40 жастағы АҚШ спортшысы Линдси Вонн Милан‑2026 Олимпиадасында алған ауыр жарақаты салдарынан аяғы пышаққа түсуі мүмкін болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Линдси Олимпиада ойындарында жылдамдық бойынша төмен түсу кезінде құлап, тікұшақпен эвакуацияланды. 

«Доктор Том Хэккет аяғымды екі жағынан кесіп, оның «тыныс алуына» мүмкіндік берді. Осы арқылы менің аяғым пышаққа кесілуден аман қалды» деді Вонн.

Қазір спортшы әлі мүгедектер арбасында отыр, оң аяқ сүйегі де сынғандықтан, бірнеше ай таяқшамен жүруі қажет. Вонн жағдайын «Рокки сияқты қайта тұрамын» деп сипаттады.

Айта кетелік, Рокки Бальбао бар қиындыққа төтеп беріп, нокаутқа ұшыраса да қайта тұруға күш тапқан болатын. 



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или