«Реал» маңызды матч алдында Мбаппеден айырылды
Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе жарақатының салдарынан «Реал Мадрид» сапында «Бенфикаға» қарсы маңызды ойында алаңға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мбаппенің сол тізесі желтоқсанда алған жарақатынан әлі толық жазылмаған. Медициналық тексеруден кейін дәрігерлер футболшыға алаңға шығуға тыйым салды.
Ол соңғы бірнеше апта бойы ауырсынуға қарамастан ойнауға тырысқан, бірақ соңғы жаттығуда аяқ сыздауы шыдамсыз деңгейге жеткен.
Айта кетелік, егер Мбаппе алаңнан кетсе, тек маусым соңын емес, келесі әлемдік жарысты да өткізіп алуы мүмкін. Аталмыш матч 25 ақпанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или