«Дәл Михаил секілді алтын әкелем!» – Софья Самоделкина сөз берді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2026 жылғы Олимпиададан кейін Астанаға оралып, жанкүйерлерге алғыс білдірді және келесі Олимпиадада нәтижесін жақсартуға ниетті екенін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Миланда өткен әйелдер арасындағы жеке бағдарламада Софья қысқа және еркін бағдарламадан кейін ондыққа енді. Бұл 19 жастағы спортшы үшін алғашқы Олимпиада тәжірибесі болды.
«Барлық пікірлерді және мен үшін жазылған посттарды көргенде, Қазақстаннан қолдау сезіндім. Келесі жолы жақсы нәтижелер көрсетіп, алтын медаль әкелуге тырысамын. Дәл Михаил сияқты!» деді Самоделкина.
Айта кетелік, Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан алтын алып, тарих жасаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или