«Жәнібекке әділдік керек!» – менеджері пікір білдірді
Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас спортшының дисквалификациясына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы айда Жәнібекке допинг сынамасынан мельдоний препараты табылғаны үшін 2 желтоқсанға дейін ресми түрде шеттету жазасы берілді. Теріс нәтиже 2025 жылдың соңында, WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесу жекпе-жегіне бірнеше күн қалғанда анықталған.
Эгис Климас Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында журналист Стив Кимнің материалын бөлісіп, мельдоний Жәнібектің ағзасына 2025 жылдың мамыр айында Анауэль Нгамиссенгемен өткен жекпе-жектен кейінгі ем-дом кезінде түскенін айтты. Менеджердің сөзінше, сол кезеңде Әлімханұлы WADA-ның допингке қарсы бағдарламасында тіркелмеген және алдағы айларға жоспарланған айқасы болмаған.
«Жәнібекке әділдік керек!» деп жазды Климас.
Айта кетелік, WBO орта салмақта уақытша әлем чемпионы атағы үшін британдық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жекті тоқтатты. Айқас 4 сәуірде Лондонда өтеді. Дисквалификация мерзімі аяқталған соң, Жәнібек сол кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасуға міндетті болады.