Виталий Леденев: «Футболшылар Қазақстанды ақшасы үшін таңдайды»
Футбол агенті Виталий Леденев беларусьтік ойыншылардың не себепті Еуропа лигаларынан гөрі Қазақстан чемпионатын жиі таңдайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның сөзіне сүйенсек, қаржылық жағдай басты фактор болып тұр.
«Польша немесе Словакиядағы орта деңгейлі клубтарда жалақы 6–8 мың еуро шамасында. Әрине, еурокубокке қатысатын командаларда табыс жоғарылау. Ал Қазақстанда орташа айлық шамамен 15 мың еуроға жетеді. Сонда футболшының алдында таңдау тұрады: Еуропаға 7 мыңға бару ма, әлде Қазақстанға 15 мыңға келу ме? Жас ойыншы Еуропаға ойысуға басымдық беруі мүмкін, ал тәжірибелі футболшы өзіне қайсысы тиімді екенін түсінеді» деді Леденев «Голевая передача» бағдарламасында.
Айта кетелік, өткен маусымда алматылық «Қайрат» 59 ұпай жинап, Қазақстан чемпионы атанды. Бұл клуб тарихындағы бесінші чемпионат болмақ. (1992, 2004, 2020, 2024, 2025).