Қазақстандық бес семсерлесуші Әлем кубогында сынға түседі
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Әлем кубогына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық дода 6–7 наурыз күндері Италияның Падуя қаласында өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын бес спортшы қорғайды. Құрама сапында Артем Саркисян, Бақдәулет Құралбекұлы, Бексұлтан Абжал, Жанат Нәбиев және Назарбай Саттархан бар.
Айта кетелік, аталған кезең маусымдағы маңызды старттардың бірі саналады. Себебі Әлем кубогындағы нәтижелер әлемдік рейтингке тікелей әсер етіп, алдағы ірі жарыстарға іріктеуде шешуші рөл атқаратын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или