Қазақ файтері өзбекстандық қарсыласын ойсырата жеңді
OCTAGON 1XBETSELECTION 59 турнирінде қазақстандық спортшы қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта өнер көрсеткен Иса Сәрсенбаев өзбекстандық Ахрор Ахмедовпен октагонда жолықты. Бірінші раундта қос спортшы бастама үшін тартысты, алайда қазақстандық файтер белсенділік танытты.
Екінші раундта Сәрсенбаев қарсыласын қателікке ұрындырып, оң қолымен жойқын соққы жасап, Ахмедовты есінен тандырды.
Айта кетелік, төрешілер жекпе-жекті дереу тоқтатты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или