Қазақстан әйелдер құрамасына шақырту алған футболшылар белгілі болды
Биыл футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.
Қарсыласымыз – Армения мен Беларусь құрамалары. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.
Ұлттық құраманың тізгінін отандық маман Бегайым Қырғызбаева ұстады. Ол өзі бастаған алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 ойыншыны шақырды.
Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).
Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).
Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).
Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі – «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де – «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).
Наурыздың 3 және 7-сі күндері «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларымен ойнаймыз.
Бапкерлер штабы: Бегайым Қырғызбаева – бас бапкер, Юлия Ширяева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы, Дмитрий Колбунцов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Расул Маруа – сарапшы бапкер, Мақсат Әмірбай – бейнеоператор, Азамат Оспанов – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Гүлнара Закирова – массажист , Жанболат Тыныбек – әкімші, Серік Жугралин – менеджер.
Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі:
3.03.2026 | 20:00 Қазақстан – Армения
7.03.2026 | 14:00 Қазақстан – Беларусь