24 ақпанда Мексикада елдегі ірі есірткі картелінің жетекшісі Эль Менчоның өлтірілуінен кейін тәртіпсіздіктер тіркелгені хабарланды. Бірнеше қалада, соның ішінде Испания — Уругвай ойыны өтетін Гвадалахарада, картель мүшелері көліктерді өртеп, жолдарды жапқан.
Осы жағдайға қарамастан, Инфантино бәрі қалыпты екенін атап өтті. «Барлығы өте тыныш, бәрі жақсы өтіп жатыр. Барлығы керемет болады», — деп келтіреді оның сөзін AS басылымы.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.