Данияр Елеусіновтың Zuffa Boxing-тегі жекпе-жегінің күні жарияланды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (13-0) менеджері Зия Әлиев Prosports.kz сайтына UFC президенті Дана Уайт негізін қалаған жаңа Zuffa Boxing лигасында қазақстандық боксшының жекпе-жек күнін жариялады.
«Жекпе-жек 5 сәуірге жоспарланған, күні қазірдің өзінде расталды. Иә, біздің қарсыласымыз бар, келісімшартқа қол қойылды, бірақ өкінішке орай, лига ресми түрде жариялағанға дейін оның атын мәлімдей алмаймыз», - деді Әлиев.
Елеусіновтің соңғы жекпе-жегі өткен жылдың шілдесінде АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында өтіп, филиппиндік Джеймс Бэконды (26-6) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Болгариядағы турнирде қазақ пен өзбек боксшысы кездесті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или