Эльвира Нұрмұстафина УЕФА-ның төрешілікке жауапты әйелдерге арналған алғашқы конференциясына қатысты

Эльвира Нұрмұстафина УЕФА-ның төрешілікке жауапты әйелдерге арналған алғашқы конференциясына қатысты

Ньон қаласындағы (Швейцария) УЕФА-ның штаб-пәтерінде ұлттық қауымдастықтардағы төрешілікті дамытуға жауапты әйелдерге арналған алғашқы конференция өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Іс-шара УЕФА-ның әйелдер футболын дамыту стратегиясы аясында ұйымдастырылып, еуропалық төрешілік жүйесін басқаруда әйелдердің рөлін нығайтуға бағытталды.

Қатысушылар ұлттық қауымдастықтардағы әйелдер төрешілігіне жауапты тұлғалардың желісін құру, өзара іс-қимыл қағидаттары, сондай-ақ әйелдер арбитражын дамытудың өзекті бағыттарын талқылады.

Аталған конференцияға Қазақстан футбол федерациясы атынан Эльвира Нұрмұстафина қатысты.


«Қайсар» жолдастық матчта ірі есеппен жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или