Болгариядағы турнирде қазақ пен өзбек боксшысы кездесті

Болгариядағы турнирде қазақ пен өзбек боксшысы кездесті

Қазақстандық боксшы Әбдікәрім Әбдіғалым Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Кіші әлем чемпионаты» деп аталатын 77-ші Страндья халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда ол 2025 жылғы Ислам ынтымақтастық ойындарының чемпионы өзбекстандық Абдуллох Мадаминовпен кездесті. Үш раундтан кейін төрешілер бірауыздан Мадаминовты 5:0 есебімен жеңді деп жариялады. Әбдікәрім турнирден шығып қалды.

Болгария астанасында өтіп жатқан аталмыш турнир 1 наурызда аяқталады. Қазақстан құрамасының сапында 39 спортшы бар (19 ерлер және 20 әйелдер).


Жәнібек Әлімханұлы: «Аллаға шүкір! Титул сақталды!»

Ресми: Майвезер мен Пакьяо жекпе-жек өткізеді

Райан Гарсия WBC белбеуін жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или