Жас қазақстандық шабуылшы мансабын «Атырауда» жалғастырады

Жас қазақстандық шабуылшы мансабын «Атырауда» жалғастырады

19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ян Труфанов «Атырау» командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ян Труфанов «Атырауда» қалды.

«Қайрат» клубының түлегі, шабуылшы Ян Труфанов команда сапында өнер көрсетуді жалғастырады. Ол кәсіби мансабын 2021 жылы алматылық клубтың жастар құрамында бастап, кейін негізгі команда деңгейіне дейін көтерілді.

2021–2024 жылдары «Қайрат Алматы», «Қайрат Алматы 2» және «Жеңіс» клубтарында ойнап, тәжірибе жинады. 2025 жылдан бастап «Атырау» сапында өнер көрсетіп келеді.

Осы уақытқа дейін кәсіби деңгейде:

• 58 матч• 18 гол

Жас әрі нәтижелі шабуылшының командада қалуы – клубтың шабуыл шебін күшейтіп, алдағы маусымға деген сенімді арттырады», деп жазды клубтың баспасөз қызметі.


Бранимир Калаица «Ордабасының» назарына ілікті

«Ертіс» жолдастық матчта грузиялық команданы жеңді

Қазақстандық клуб Ресейдің қосалқы құрамынан жеңілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или