Бранимир Калаица «Ордабасының» назарына ілікті
Елордалық «Астана» клубының орталық қорғаушысы Бранимир Калаица «Ордабасыға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда шымкенттік клуб 27 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отыр, ал «Астана» өз кезегінде жалақы қорын азайтуға қарсы емес.
Бұған дейін елордалық командадан Усман Камара, Джеффри Чинеду, Макс Эбонг, Дритон Цамай секілді бірқатар ойыншылар кеткен болатын.
«Ордабасы» жаңа маусым алдында қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр және КПЛ-дағы басты фавориттердің біріне айналуды көздейді. «Астанаға» дейін Калаица «Бенфиканың» (Португалия) екінші командасында және «Локомотив» (Хорватия) клубында өнер көрсеткен.
Бұған дейін шымкенттік клуб Integra Constructions KZ компаниясының иелігіне өткен болатын.
«Ертіс» жолдастық матчта грузиялық команданы жеңді