«Қайсар» жолдастық матчта ірі есеппен жеңіске жетті

«Қайсар» жолдастық матчта ірі есеппен жеңіске жетті

Қызылорданың «Қайсар» командасы Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарсылас Данияның FA2000 клубы болды.

Матч 3-0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды.

Темірлан Мурзагалиев, Имо Эзикел және Еркін Әлімжан голдардың авторы атанды.

Айта кету керек, «Қайсардың» жаңадан келген жұлдызы Виктор Мозес бұл матчта құрамда болған жоқ.

«Қайсардың» матчтағы негізгі құрамы: Ковач, Конлимкос, Төлегенов, Жұмабеков, Мурзагалиев, Совет, Нарзильдаев, Жұмат, Қалдыбеков, Мұхамед және Эзикел.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Кумыковтың басшылығымен «Қайсар» 11-ші орын алып, ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды.


«Ордабасы» өзбекстандық футболшыны қатарға қосады

«Ертіс» жолдастық матчта грузиялық команданы жеңді

Қазақстандық клуб Ресейдің қосалқы құрамынан жеңілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или