Дубай турнирі: Бублик жарысты сәтті бастады

Дубай турнирі: Бублик жарысты сәтті бастады

Қазақстанның ең үздік теннисшісі және әлемнің 10-шы ракеткасы Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы кезеңдегі кездесуінде қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 80-ші орында тұрған неміс Ян-Леннард Штруффпен кездесті. Матч бір сағат алты минутқа созылып, Бублик 6-3, 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Келесі раундта Бублик финляндиялық Отто Виртанен (ATP рейтингінде 131-ші орында) мен нидерландиялық Таллон Гриекспур (25-ші орында) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Дубайдағы ATP-500 турнирінің жалпы жүлде қоры 3 311 005 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 619 160 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен 500 ATP рейтингілік ұпайын алады.


Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы жарыспен қоштасты

Қарағандыда теннистен халықаралық турнир өтті

Анна Данилинаның әлемдік рейтингтегі орны жоғары көтерілді

WTA рейтингі: Рыбакина үздік үштікте қалды, Путинцева бір орынға көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или