Олимпиада чемпионының әкесіне көлік кілті тарту етілді
Халықаралық InDrive сервисінің кәсіпкері және бас директоры Арсен Томский мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 автокөлігін тарту етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Audi Q8 көлігін Станислав Шайдоровқа бердім — бұл жеңістің бастаушысы болған адамға. Михаил тарихи нәтижеге жетіп, миллиондаған адамдарға шабыт берді. Бірақ бұл жеңістің артында — еңбек, тәртіп және өзін-өзі құрбан ету жылдары жатыр», — деп жазды Томский Threads желісінде.
Кәсіпкердің айтуынша, чемпиондықтың артында жылдар бойғы еңбек пен отбасының қолдауы тұр. Ол Станислав Шайдоровтың ұлының спорттық жолын жалғастыруы үшін өз көлігін сатқанын да атап өтті.
Михаил Шайдоров: Қазақстанды көбірек жақсы көремін