Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо реванш жекпе-жегін өткізеді
Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо қыркүйек айында реванш жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
24 ақпанда 49 жасқа толатын Флойд Майвезер шаршы алаңға оралу туралы шешім қабылдады. Америкалық боксшы (50-0, 27 КО) 19 қыркүйек күні Лас-Вегастағы The Sphere аренасында 47 жастағы Мэнни Пакьяомен (62-8-3, 39 КО) жұдырықтасады.
Бұл реванш америкалық пен филиппиндік боксшы арасындағы алғашқы кездесуден кейін 11 жылдан астам уақыт өткен соң ұйымдастырылмақ. 2015 жылдың мамыр айында өткен алғашқы жекпе-жекте Мейвезер жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, бұл жай медиабокс емес, толыққанды кәсіпқой бокс болмақ.
Райан Гарсия WBC белбеуін жеңіп алды
Жәнібек Әлімханұлы: «Аллаға шүкір! Титул сақталды!»
Америка Әлімханұлына қарсы: «Шын кінәлі болса, титулынан айырсын!»