«Странджа» турнирі: Бес боксшымыз келесі кезеңге жолдама алды
23 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің алғашқы күнінде он боксшымыз шаршы алаңға шықты. Оның бесеуі сенімді жеңіске қол жеткізіп келесі кезеңге жолдама алды:
- Бағлан Кенжебек (55 келі) әзербайжандық Ниджат Гусейновты;
- Тимур Қабдешов (55 келі) ирландиялық Пэтси Джойсты;
- Фарух Тоқтасынов (70 келі) аустриялық Арсен Чабианды;
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келі) өзбекстандық Абдулазиз Журакуловті;
- Нурмагамед Юсупов (90 келі) уэльстік Коннор Уильямсты ұтты.
Ал қалған бесеуі алғашқы айналымда қарсыласқа есе жіберді:
- Бекзат Алдамжаров (50 келі) өзбекстандық Асылбек Жалиловке;
- Бейбарыс Жексен (60 келі) моңғолиялық Лундаа Гантумуран;
- Руслан Күзеубаев (60 келі) америкалық Салим Эллис-Бейге;
- Диас Молжігітов (80 келі) америкалық Робби Гонсалеске.
- Санжарәлі Бегалиев (80 келі) бразилиялық Кауэ дос Сантос Белиниге жол берді;
Бокстан «Странджа» халықаралық турнирі басталады
Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды
«Странджа» халықаралық турниріне қатысатын боксшылар белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или