«Странджа» турнирі: Бес боксшымыз келесі кезеңге жолдама алды

«Странджа» турнирі: Бес боксшымыз келесі кезеңге жолдама алды

23 ақпан күні Болгария астанасы Софияда 77-ші «Странджа» турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Турнирдің алғашқы күнінде он боксшымыз шаршы алаңға шықты. Оның бесеуі сенімді жеңіске қол жеткізіп келесі кезеңге жолдама алды: 

  •  Бағлан Кенжебек (55 келі) әзербайжандық Ниджат Гусейновты;
  •  Тимур Қабдешов (55 келі) ирландиялық Пэтси Джойсты;
  •  Фарух Тоқтасынов (70 келі) аустриялық Арсен Чабианды;
  •  Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келі) өзбекстандық Абдулазиз Журакуловті;
  •  Нурмагамед Юсупов (90 келі) уэльстік Коннор Уильямсты ұтты.


Ал қалған бесеуі алғашқы айналымда қарсыласқа есе жіберді:

  •  Бекзат Алдамжаров (50 келі) өзбекстандық Асылбек Жалиловке;
  •  Бейбарыс Жексен (60 келі) моңғолиялық Лундаа Гантумуран;
  •  Руслан Күзеубаев (60 келі) америкалық Салим Эллис-Бейге;
  •  Диас Молжігітов (80 келі) америкалық Робби Гонсалеске.
  •  Санжарәлі Бегалиев (80 келі) бразилиялық Кауэ дос Сантос Белиниге жол берді;


Бокстан «Странджа» халықаралық турнирі басталады

Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды

«Странджа» халықаралық турниріне қатысатын боксшылар белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или