Энтони Эрнандес: «Мен әлі оралам!»

Энтони Эрнандес: «Мен әлі оралам!»

Америкалық Энтони Эрнандес (15-3) 8 жеңістен тұратын сериясын жалғастыра алмай, UFC Fight Night 267 турнирінің негізгі жекпе-жегінде Шон Стриклэндке (30-7) нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алағдағы жеңілістен соң Энтони әлеужеліде жанкүйерлерден өзін ұмытпауын өтінді.

«Әуелден, келген барлық жанға көп рақмет! Ойыншылар дәйім қателеседі. Менің 8 жекпе-жегім де жеңіс сериясынан тұрды. Бәрі тым жақсы жүріп жатты, бірақ денеме соққы тигенде бірдеңе кілт өзгерді. Ондай боп тұрады, бұл айқастың бұлжымас бір бөлігі. Мені ақыр аяғында жеңуі үшін біреуге бақандай алты жыл қажет болды. Шон Стриклэндті құттықтаймын. Осы кештің мықтысы өзі болды. Мен үшін үлкен құрмет! Мен бұрынғыдан да күшті, мығым боп ораламын әлі!» деп жазды ол. 

Айта кетелік, Энтони мәнсабындағы сегіз жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, үзілмес біртекті тізбек құраған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или