«Реал Мадридқа» гол соққан футболшы Ташкенттің «Локомотивіне» ауысты
Өзбекстандық шабуылшы Жасур Яхшибоев ресми түрде Ташкенттің «Локомотивіне» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы UPL тілшісі мәлім қылды.
28 жастағы футболшы клубқа еркін агент ретінде қосылды. Бұған дейін Яхшибоев Иранның «Нассаджи» командасында ойнаған. Футболшы шамамен 500 000 евро деп бағаланып отыр.
Айта кетелік, өзбекстандық футболшы бірнеше клубта өнер көрсеткен. Соның ішінде Молдованың «Шериф» клубы қатарында, «Реал Мадридқа» қарсы матчында гол соққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или