Ресей: «Мәнерлеп сырғанаудан біздің медальді ұрлады»

Ресей: «Мәнерлеп сырғанаудан біздің медальді ұрлады»

Кеңестік дәуірдің құрметті жаттықтырушысы Татьяна Тарасова Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Петр Гуменниктің  Олимпиададағы нәтижесін сынап, «оның медалін ұрлап кеттіге» балады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Тарасованың пікірінше, Ресей Ақ ойыннан екі медальмен қайтуы тиіс еді. Оның бірі мәнерлеп сырғанаушы, Михаил Шайдоровтан жеңіліс тапқан Петр Гуменникке тиесілі екен. 

«Барлық спортшыларымыз лайықты өнер көрсетті. Бірақ бұл күндер де ресейлік атлеттер үшін спорттық мереке бола алмады! Мұндай жайтта қуану әсте мүмкін емес. Талантты спортшылар өздерін көрсету мүмкіндігінен айырылды. Бір медаль ғана? Шынында бізде бір емес, екі медаль болар еді. Өйткені Петя Гуменниктың медалін жай ғана «ұрлап» басқаға ұстатты. Алдымен оны сындырды, сонсоң өзіне тиесіліні ұрлады» деді Тарасова.

Гуменник екі бағдарламаны да таза орындағанына қарамастан, алтыншы орын алды. Сонымен қатар, оны көрсетілімдік жарыстарға шақырмады.

Айта кетелік, 2022 жылғы 1 наурызда International Skating Union (ISU) ресейлік және беларусьтік спортшыларды халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или