АҚШ сарапшысы Жәнібек Әлімханұлын титулдан айыруға шақырды!

АҚШ сарапшысы Жәнібек Әлімханұлын титулдан айыруға шақырды!

АҚШ сарапшысы Бернардо Пилатти қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ісіне қатысты қабылданған шешімге наразылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол World Boxing Organization (WBO) ұйымының ұстанымын түсініксіз, даулы һәм спортқа деген әділетсіздік деп бағалады.

«Әлімханұлы шеттетуден кейін алаңға оралса да, чемпиондық белбеуін сақтап қалады екен. Мұны бокс десе жарғақ құлағы жастыққа тимейтіндерге қалай түсіндіруге болады? Егер боксшы шын күнәлі болса, талапқа сай титулдан айыру қажет емес пе?! Егер кінәсіз болса, жекпе-жегін жалғастырсын. Екеуінің орта тұсын таңдау қате! Мұндай өзіндік шешімдерді түсіндіру өте қиын. Жанкүйер үшін бәрі қарапайым болуы керек: 1+1=2. Ал бұл жағдайда 1+1=3 немесе тіпті 4 болып тұр» деді Пилатти.

Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша ғана емес, сондай-ақ International Boxing Federation (IBF) нұсқасы бойынша да орта салмақта әлем чемпионы атанып отыр. Алайда IBF әзірге қазақстандық боксшының титулына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или