Анталиядағы сенсация: Қазақстанның екі дүркін чемпиондары фарм-клубтан жеңілді
Қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында күтпеген жерден жеңіліс тапты. Дмитрий Огай баптайтын команда Ресей чемпионатында өнер көрсететін «Балтика» клубының қосалқы құрамына есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Анталияда өткен жолдастық кездесуде «Шахтер» 1:2 есебімен ұтылды. Қазақстандық клуб сапындағы жалғыз голды Глеб Макридов соқты.
«Балтика» биылғы маусымда Ресей Премьер-Лигасының басты оқиғаларының бірі болды. Маусымның алғашқы жартысынан кейін құрама 35 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орынға жайғасты.
Айта кетелік, «Шахтер» өткен маусымда Бірінші лигада 50 ұпаймен төртінші орын алып, Премьер-лига жолдамасын иелене алмаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или