40 жастағы чемпион жас қарсыласын тас-талқан етті!
«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, әлемнің 99-ракеткасы, швейцариялық теннисші Стэн Вавринка ATP-500 санатындағы Дубай турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы кезеңінде ол ливандық Беньямин Хассанды 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Вавринка тоғыз эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және үш брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды.
Айта кетелік, ал Хассан бес эйс орындап, екі рет қос қателік жіберді және үш мүмкіндіктің бірде-бірін жүзеге асыра алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или